Гендік модификацияланған өнім деген не:
Соңғы жылдары халық денсаулығына кері әсер ететін химиялық қоспалары бар тағамдар көбейіп кетті. Гендiк модификацияланған тағамдар - тағамдардың генетикалық құрылымын басқа бiр генмен өзгерту арқылы тағамдардың жаңа комбинациясын алу. [1].
Қазiргi кезеңде, ГМО-дің ең жиi пайдаланылатын (картоп, бидай тағамдары, бұршақ т.б.) өнiмдерiн пайдаланып жүрмiз. ГМО-дің пайдасы - генiн модификациялау арқылы тағам өнiмдерiн адам қалағанынша өзгертiп, бiрiн суыққа төзiмдi етсе, ендi бiрiн жоқары ылғалдылыққа төтеп беретiндей қалыпқа жеткiзе алады, кемiргiштер мен жәндiктерден де қорғай алады, бағасы да «табиғилардан» арзан, тез өнiм бередi, төзiмдiлiгi жоғары, кейбiр ауруларды алдын алуға да емдiк қасиетi бар екенi анықталды. Зиянды жақтары - гендiк табиғи тепе-теңдiктiң бұзылуы, ГМО-дің аллергия туғызу қабiлетiнiң жоғарылығы, шет елден әкелiнген тағамдардың сыртында құрамы мен шығару мерзiмi көрсетiлмеуi [2].
Гендік модификацияланған өнімдердің құрамында адам денсаулығына қауіпті улы заттар болады. Адамдар қатты шаршағанда, қатты ұйқы келгенде құрамында ГМО бар тағамдар аз уақытқа болса да ағзаның эмоциональды белсенділігін жоғарылатады (мысалы энергетиктер) . [2].
ГМО қолданған ағзаларда, тіпті адам сілекейімен ішек микрофлорасында өзгерістер болатындығы анықталған. Тышқандарға жүргізілген эксперименттерде ГМ құрамы олардың ұрпақтарынан да табылған. Сонымен ғалымдар ГМО тек қана өнімде емес, сонымен қатар оны қолданғандарда, олардың ұрпақтарында кездесетінін анықтады [3].
ГМО азықтарын пайдалану барысында ағзада өте қауіпті аллергиялық реакциялар пайда болып, өліммен аяқталады, ісік ауруларына алып келеді. Мысалы, АҚШ-та адамдар ГМО өнімдерін жиі қолданғандықтан, аллергиямен ауыратындар саны - 70%-ды құрады. Ал, Швецияда бұл өнімдерді қолдануға тыйым салынғандықтан, адамдар арасында ГМО өнімдерін пайдаланатындары - 7%-ды құрайды. Трансгенді өнімдер асқазанның шырышты қабатының құрылымын бұзады, зат алмасудың бұзылып, иммунитететің төмендеуіне, алып келеді, ісік ауруларының көбеюіне себепші болады, жасушаларды мутацияға ұшыратады [4].
1,9 миллиард тұрғын артық салмақтан арыла алмай келеді. Сондықтан да, әр елде ГМО қоспасын тағамда пайдаланудың өзіндік деңгейлері белгіленген. Мысалы, Жапонияда - 5%, кейбір Еуропа елдерінде - 0,9%, АҚШ-та - 10% ГМО қоспасын пайдалануға рұқсат етілген [5].
Американдық ауыл шаруашылығы ісінің зерттеушісі, полковник, дәрігер Дон Губердің зерттеулеріне сүйенсек, ГМО өнімді жиі пайдалану бедеулік пен белсіздікке ұшыратады. Дон Губер 40 жыл әскери бөлімшеде биологиялық қауіп-қатерді зерттеген ғалым. Оның айтуынша, ГМО өнімді көп тұтынудың салдары адамның ауруға қарсы тұру қасиетін жойып, иммунитетін төмендетеді. Оның қауіп-қатерге толы екенін әлемнің көптеген ғалымдары мойындап отыр [5].
Зерттеу әдістері.
Зерттеу Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ виварийінде жүргізілді. Тәжірибеге 3 айлық 10 теңіз шошқасы алынды: 5-еуі тәжірибелік топ, 5-еуі бақылау тобы болды. Бастапқы салмақтары шамамен 400–500 грамм болды.
Тәжірибеде теңіз шошқаларына құрамында ГМО бар тағамдар (чипсы, кириешки, попкорн сияқты өнімдер) берілді. Мақсат — осы тағамдардың ішкі ағзаларға (жүрек, бауыр, бүйрек) әсерін анықтау. Зерттеу 6 апта 5 күнге созылды.
Нәтижесінде, ГМО өнімдерін жеген теңіз шошқаларында әлсіздік пен ашушаңдық байқалды. Сонымен қатар, олардың ішкі ағзаларында өзгерістер пайда болып, қалыпты микрофлора (пайдалы микроағзалар) саны азайған.
Микробиологиялық зерттеу кезінде арнайы қоректік ортада (Петри табақшасында) өсіргенде, тәжірибелік топтағы жануарларда микроағзалар саны бақылау тобына қарағанда аз болғаны анықталды.
Нәтиже: ГМО өнімдері теңіз шошқаларының ағзасына әсер етіп, ішкі ағзаларында өзгерістер туғызады және пайдалы микроағзалардың санын азайтады.
Қорытынды
Гендік модификацияланған (ГМО) өнімдерді қолдану қазіргі таңда адам денсаулығына әсері толық дәлелденбегенімен, бірқатар зерттеулер олардың ағзаға ықтимал зиянды әсерлері бар екенін көрсетеді. Әсіресе, ГМО өнімдерін ұзақ уақыт және жиі пайдалану аллергиялық реакциялардың дамуына, иммундық жүйенің әлсіреуіне, зат алмасу процестерінің бұзылуына және ішек микрофлорасының тепе-теңдігінің өзгеруіне алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, кейбір ғылыми деректерде олардың жасушалық деңгейде өзгерістер туындатып, ісік ауруларының даму қаупін арттыруы ықтимал екендігі айтылған.
Адам ағзасы үшін мұндай өзгерістер аса қауіпті, себебі микрофлораның бұзылуы жалпы денсаулыққа, соның ішінде ас қорыту, иммунитет және жүйке жүйесіне кері әсер етеді.
Жүргізілген тәжірибеде теңіз шошқаларында да ұқсас өзгерістер байқалды: ГМО өнімдерін қолданған жануарларда әлсіздік, мінез-құлық өзгерістері және ішкі ағзаларында белгілі бір морфологиялық өзгерістер тіркелді, сондай-ақ пайдалы микроағзалар саны азайды.
Осы нәтижелерге сүйене отырып, ГМО өнімдерін бақылаусыз қолдану адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін деген қорытынды жасауға болады. Сондықтан мұндай өнімдерді тұтынуда сақтық танытып, олардың қауіпсіздігін тереңірек зерттеу қажеттілігі туындайды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Каримов Т.К., Доскабулова Д.Т., Симбатова Р.М. Гендiк модификацияланған тағамдық өнiмдерге гигиеналық көзқарас. //Актуальные вопросы формированияздорового образа жизни, профилактики заболеваний и укрепления здоровья. Алматы. 2014г. №3. с.111-112.
2. Клипина Н.В., Серикова Ж.А. О проблеме безопасности генетически модифицированных организмов растительного происхождения.// Актуальные вопросы формированияздорового образа жизни, профилактики заболеваний и укрепления здоровья. Алматы. 2014г. №3. с.116-119.
3. Красовский О.А. Генетически модифицированная пища: возможности и риски //Человек, 2016, №5, с.158-164.
4. Томилин Н.В., Глебов О.К. Генетическая трансформация клеток млекопитающих //Молекулярные и клеточные аспекты биотехнологии. - Санкт-Петербург: Наука, 2016. с. 62-82.
5. James C. Global Status of Commercialized Biotech/ GM Crops: 2010. ISAAA Brief № 42. – Ithaka, N.Y.: ISAAA. - 2016.